Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен кезекті Астана күнін мерекелеу біздің қоғам өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі болып табылды. Оған Президент Кеңсесіне Мемлекет басшысы атына біздің еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетелдерден ағылып келіп жатқан кең ауқымды да мазмұнды құттықтау хаттар куә.
Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың басшыларынан, кең танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінен келіп түсіп жатқан құттықтау хаттарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық, халықаралық саясаттағы, Қазақстанның ырғақты дамуындағы айрықша рөлі атап көрсетіледі.
«Сіздің бай саяси тәжірибеңіз, Мемлекет басшысы қызметіндегі ырғақты да жемісті жұмысыңыз қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында таңғаларлық табыстарға қол жеткізуге, елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға жағдай туғызды», делінген Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің құттықтауында.
Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл өз хатында Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстанның бүгінде жедел қарқынмен дамып отырғанын, ел беделінің өңірлік қана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде де бұлжымастан өсіп келе жатқанын атап көрсетеді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған жан-жақты жаңарулардың тәуелсіз және егемен Қазақстанның сенімді де қарқынды дамуын, оның экономикалық әлеуетінің нығаюын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы беделінің артуын қамтамасыз етеді, деп атап көрсетеді.
Мемлекет басшысының қызметіне Әзербайжан Президенті И.Әлиевтен, Армения Президенті С.Саргсяннан, Беларусь Президенті А.Лукашенкодан, Қырғызстан Президенті Р.Отунбаевадан, Тәжікстан Президенті Э.Рахмоннан, Түркіменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Украина Президенті В.Януковичтен, Молдова Президентінің міндетін уақытша атқарушы М.Лупуден, Ресей Үкіметінің Төрағасы В.Путиннен, Қырғызстан Премьер-министрі А.Атамбаевтан келіп түскен құттықтау хаттарда дәл сондай жоғары бағалар берілген.
Өткен жылғы сияқты құттықтаулардың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақ шығармашылық, саяси және іскер элитаның, ардагерлердің, жақын шетелдердегі, әсіресе, Ресейдегі қатардағы азаматтардың хаттары мен телеграммаларына тиесілі. Авторлардың қатарында Украина мен Қазақстан достығы қоғамының төрағасы Л.Ежевский (Днепродзержинск), Днепродзержинск қаласының басшысы С.Сафронов, ТМД Үкімет басшылары кеңесі жанындағы Интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі комитет төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев, Мәскеу пасхалық фестивалінің көркемдік жетекшісі В.Гергиев, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.Цой, КСРО-ның экс-президенті М.Горбачев, Литваның Халық партиясының төрайымы К.Прунскене, Тәжік этно-мәдени бірлестігінің президенті М.Орифов, «ИТАР-ТАСС»-тың бас директоры В.Игнатенко, ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Х.Бакенов (Санкт-Петербург), ТМД Экономикалық сотының төрағасы Ф.Абуллоев (Минск), ЕурАзЭҚ-тың жауапты хатшысы П.Зверев (Санкт-Петербург), ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Бордюжа, Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүшелері Э.Россель (Екатеринбург) және В.Рушайло (Мәскеу), Башқұртстан басшысы Р.Хамитов (Уфа), Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Саратов облысының губернаторы П.Ипатов, Свердлов облысының губернаторы А.Мишарин, Пенза облысының губернаторы В.Бочкарев, Челябі облысының губернаторы М.Юревич, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.Когогин (Набережные Челны), «Руснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «ВТБ» Банк ААҚ басқарма төрағасы А.Костин, «Мечел» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, «РТЖ» ААҚ президенті В.Якунин, «Роснано» ААҚ президенті А.Чубайс, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Росатом» МК бас директоры С.Кириенко, «Русал» ОК бас директоры О.Дерипаска, «Интер РАО ЕЭС» ААҚ басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТЕРА» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы И.Макаров және басқа да көптеген адамдар бар.
Құттықтаулардың үлкен саны біздің еліміздің азаматтарынан, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарынан келіп түсті. Мемлекет басшысының бұрынғы сыныптастары атынан Е.Жүнісбеков (Алматы), Л.Завгороднева және Рогалевтар отбасы (Астана), Республика ардагерлері кеңесінің экс-төрағасы М.Сағдиев, зейнеткер Б.Рамазанова, И.Лышниязов пен оның немересі Н.Назарбаев, М.Шейфутов, Ш.Құлмаханов, инженер-ұшқыш Н.Ахмуханов (Алматы), Т.Талипова (Есік), Г.Байкелова (Талдықорған), С. және Л.Югай (Үштөбе), Өскемендегі «Дом надежды» үйінің тәрбиеленушілері Е.Выблов, Г.Қабдырашева, Э.Алиев, М.Бердикеев, Д.Нестеренко және Д.Пьянзин, Социалистік Еңбек Ері А.Калмиев, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің кафедра доценті Д.Алонцева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Бітібаева (Өскемен), М. және Н.Назарбаевтар (Қарағанды), С.Қожанов (Павлодар), Семейдің құрметті тұрғыны Х.Матаев, зейнеткер Л.Дүйсенбаева (Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек поселкесі), студент А.Касмаль (Орал), еңбек ардагері А.Нұрқасымова (Мақат), көп балалы ана Т.Орынбаева, Е.Щетинина (Шымкент), белгілі жүлдегер спортшылар Т.Сокирко, Д.Сәтімбекова, Р.Кондрат, Р.Смағұлов (Петропавл) және басқалар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, оның тамаша перзенті – гүлденіп келе жатқан әсем елорда Астанаға және өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп отырған Қазақстанға өздерінің ең жақсы деген тілектерін білдірген.
«Теңізшевройл» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «ПетроҚазақстан» компаниясы, Еуразиялық даму банкі, «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС (Қостанай), Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік пединституты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Семейдегі орыс әлеуметтік-мәдени орталығы, Қазақстан Патриоттары партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, «КАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері ассоциациясы, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аграрлық, жастар және этно-мәдени бірлестіктері және басқалар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстанның жан-жақты үйлесімді қайта өрлеуі мен ырғақты модернизациялануы ісіндегі еңбегін атап өткен.
Ел Президентін Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал және Гурьев архиепископы Антоний (Орал), мұсылман дінін ұстанушы Тәңірберген қажы (Талдықорған) терең құрмет және ризашылық сезімімен құттықтаған.
Әдебиетшілер – М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досанов (Алматы), жазушы және эколог Э.Ғаббасов (Орал) өздерінің жүрекжарды да мазмұнды хаттарын жолдаған. С.Сматаев (Алматы), Х.Естаева (Риддер), Р.Бұхарбаева (Тараз) өз арнауларын салтанатты өлең түрінде шығарған.
Министрліктер мен ведомстволардың басшыларынан, облыс әкімдерінен, елшілерден, ұлттық компаниялар басшыларынан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан көптеген құттықтаулар келіп түсті.
Іс жүзінде барлық құттықтауларда мемлекеттілікті құру ісіндегі, этносаралық келісімді және ұзақ мерзімді саяси тұрақтылықты нығайтудағы, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына жетудегі, еліміздің посткеңестік кеңістіктегі беделді де ықпалды көшбасшылардың бірі ретінде дамуындағы Қазақстанның табыстары атап көрсетіледі. Авторлар осы жетістіктердің бәрін Мемлекет басшысының ажырамас еңбегі деп есептейді және бейбітшілік, Отанымыздың әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы оның қажырлы қызметімен тікелей байланыстырады.
Кең ауқымды поштамен танысып шығып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және үкімет басшыларына, халықаралық ұйымдар басшыларына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, шетел азаматтарына, сондай-ақ барлық отандастарымызға олардың құттықтаулары мен ыстық ықыласты тілектері үшін терең алғыс сезімін білдіреді