• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2011

Білім сапасы және ақпараттық технология

643 рет
көрсетілді

Білімде ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру – ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан да еліміздің көптеген мектептерінде білім беруді ақпараттандыру мәселесі қолға алынуда. Оны жолға қойып жатқан мектептер қатарында біздің «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» деген атаумен республикаға танымал Маңғыстаудағы Маршал Әбдіхалықов орта мектебі де бар. Мектептегі оқушы саны 1200-ге жуық. Оларға білім мен тәрбие беретін 140-тан астам ұстаздың 92-сі жоғары білімді. Мектептегі педагогикалық мамандар қатары өз түлектерi есе­бiнен толықтырылып оты­рады. Бұл мектеп ұжымының оқу­шыларға кәсiби бағдар беру iсiндегi үлкен ұйымдас­тыру­шы­лық жұмысының нәтижесi десек, артық емес. Мектепте 2 ком­пьютер, 2 мультимедиа кабинеті бар. Жаратылыстану ба­ғытындағы негізгі пәндер болып есептелетін физика, биология кабинеттері қазіргі заман тала­бына сай жасақталған. Бұл кабинеттерде оқушылардың өз бетінше ізденуі, ғылыми жобалармен айналысуы, пәндік олим­пиа­даларға дайындалуы үшін барлық қолайлы жағдай жасал­ған. Физика мен биология пәні тереңдетілген бағдарламамен оқы­­тылатын cыныптарда әрбір сабақ ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы жүр­гізіледі. Бұл әдістің білім сапа­сын арттыруға ықпалы зор екендігін білікті ұстаздар өз тәжіри­белері арқылы байқауда. Мектеп ұстаздарының барлығы да оқу­шымен жеке жұмыс бары­сында ақпараттық технология­ны белсенді түрде қолданатын, білім мен ғылым жаңалық­тарымен әрдайым танысып оты­рудан жа­лықпайтын, ізденімпаз мұға­лім­дер. Атап айт­сақ, биология пәні­нің мұғалімі, ҚР білім беру ісінің озық қыз­меткері, ардагер ұстаз Күлән Беко­ваның шәкірт­тері білімнің биік шыңдарынан көрі­ніп, сапалы берілген білімнің нә­ти­жесін әр салада дәлелдеп жүр. Білімді жаңаша беру мүмкін­діктерін жасау, білімді қабылдау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалып­тастыру үшін ақпараттық тех­ноло­гияны қолдануды басты назарда ұстайтын мектептің әрбір ұстазы күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, элек­­тронды оқулық және интернет материалдары арқылы оқу­шының пәнге деген ынтасын арттыра түседі. Соның нәтижесі ретінде мектеп оқушылары об­лыс­тық, республикалық пән олим­­пиадалары, ғылыми жобалар байқаулары, дельфийлік ойындар, «Үздік тұсаукесер» байқаулары сияқты білім додаларында айтар­лықтай жетістіктерімен көзге тү­сіп келеді. Биылғы оқу жы­лында география пәнінен рес­публи­калық ғылыми жобалар байқа­у­ында 11 сынып оқушысы Ержан Мәкенов бірінші жүлде иегері атанды. Пәндік олимпиа­даға да­йындалуда оқушыла­рымыз интернет жүйесін тұрақ­ты түрде пайдалануына толық жағдай жасалған. Өзгелерді үйрететін ұстаз­дар өздері үйренуден де қаш­пайды. Мектептің ұстаздар қа­уы­мы онлайн сабақтар арқы­лы облыс, республика мұға­лім­де­рімен тәжірибе алмасуды дәс­түрге айналдырған. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа бағыт беруде ақпараттық жүйелермен толықтырудың, мультимедиа, инте­рактивті құралдарды сабақ үрдісіне тұрақты қолданудың маңыздылығын жете түсінген ұжым ұстаздары Маңғыстау об­лыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты жа­нындағы «Интерактивті тақта және мультимедианы пайдалану» курсынан  өтіп, үйренген әдістерін сабақ пен сабақтан тыс шараларда тиімді пайда­ланып отырады. Оқу тәрбие үрдісіне ақпарат­тық технологияларды енгізуде үздіксіз еңбектенетін, жоғары біліктілікке ие мамандардың орны ерекше екендігі баршаға аян. Осыған байланысты атал­мыш білім ордасының ұстаз­да­ры, жыл сайын өткізілетін об­лыс­тық «Алтын диск» байқа­уының жүлдегерлері Гүлима Қа­бақова, Жанна Қаражано­валар өз іс-тәжірибелерінде элек­­тронды оқулықтар құрас­тырумен айналысып, оларды сабақта тиімді пайдаланады. Осылайша жаңалыққа жаны құмар, жас ұрпаққа жаңаша бағытта білім беруді мақсат еткен ұстаздар ұжымы әрдайым жемісті еңбек етуде. Роза БАЙМАНОВА,  Маршал Әбдіхалықов орта мектебінің әдіскері. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы.