• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2011

Кеше...

323 рет
көрсетілді

...институтқа ректор таныстырылды Білім және ғылым министрі­нің бұйрығымен Атырау мұнай және газ институтының рек­то­ры қызметіне тағайындалған профессор Дүйсембек Құлжа­нов әріптестеріне танысты­рыл­ды. Ол бұрынғы Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетінің түлегі, оқытушылық еңбек жолын да осы оқу орнында бастаған. Аты­рау мұнай және газ инсти­ту­тында табан аудармастан ең­бек еткен ол әр жылдары кафедра меңгерушісі, факультет де­ка­ны, проректордың орынба­са­ры, проректор, бірінші проректор сияқ­ты жауапты жұмыс­тар­ды абы­роймен атқарды. Еңбек ете жүріп, ғылыми ізденісін де тоқ­тат­қан жоқ. 2004 жылы әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ-де фи­зика-математика ғылымдары бойын­ша докторлық диссерта­ция­сын сәт­ті қорғады. 2010 жылы оған аталған жоғары оқу орнының про­фессоры ғылыми атағы берілді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   ...гүлдер  фестивалі өтті Осымен 8-ші рет ұйымдас­ты­рылған бұл байқауға қараған­дылық гүл өсірушілердің үлкен тобы қатысты. Әсем өсімдіктің сан алуан түрі оны қызық­тау­шы­лардың назарына ұсыныл­ды. Байқау көз жеткізгендей қалада гүл баптаудың шеберлері аз болмай шықты. Олардың арасында Венера Бекмағам­бетова, Светлана Орлова сияқ­ты осынау істі сүйермен­де­рің өзіндік қолтаң­ба­лары көру­ші­лер көңілін баура­ды. Жеңім­паз­дар марапатталып, сыйлық­тар тапсырылды. Фестивальде жұртшылық­тың көзін қуандырған гүл шоқ­тарының біразы көп балалы ана­ларға, сол күні отау тіккен жас жұбайларға, балабақ­ша­лар­ға тарту етілді. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.   ...насихат тобы жұртпен жүздесті Астанадан арнайы келген ақпараттық-насихаттық топ өкіл­дері аймақ тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімінің орын­басары Рзақұл Нұртаев қатысты. Осыған дейін Дін істері жө­ніндегі агенттік құрылғаны бел-гілі. Оның құрамына екі ғы­лыми орталық кіреді. Сонымен қатар, облыстардағы дін істері жөніндегі департаменттер де осы агенттіктің құзырына берілген. Атал­ған ақпараттық-наси­хаттық топтың құрамында Дін істері жөніндегі агенттіктің са­рап­шысы Оспан Ахметов, дін­та­нушы Ба­ха­дыр Абдулла, ха­лық­аралық мә­де­ниет және дін орталығының бас ғылыми қыз­меткері Мейрам Иманбаев және Қазақстан мұ­сыл­мандар діни басқарма­сы­ның өкілі Самат Мұ­­нарбаевтар бар. Топ мүше­ле­рі респуб­ли­ка­да­ғы діни ахуал мен діни экс­тре­мизмнің алдын алу мәсе­ле­ле­рі бойынша хабарлама жасады. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда.