• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2011

Отанға лайық болайық!

382 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаздық идеялары мен стратегия­лық ұстанымдарына сай орасан жетістіктер білім және ғылым өрісінде кеңінен қамтылып отыр. Америкалық өмірбаян институты – «ABI» президенті Дж.М.Эванстан 8.07.2011 жылы келген хабарламаға сәй­кес, Алматыдағы Еуразия нарық инс­титутының ректоры Айтқали Шоқалиұлы Нұрсейіт «Қазақ­станнан 2011 жыл адамы» деген атқа ие болып, әлемдік аренаға үлкен абыроймен шықты. Ол жеке ЖОО - «ЕурАзНИ»-ді бизнес пен мемлекеттік органдарда топ-менеджерлер Қ.Келімбетов, Ү.Шаяхметова, М.Бейдалы, З.Зәуірбекова, М.Құ­ды­шев, В.Крылов, Қ.Даутов, Б.Палымбетов, А.Арынов және басқалар тәрізді топ-менеджерлер мен жетекшілерді жақсы қажеттілікке сәйкес ба­ғытта мамандар даярлауда. Бұл орайда ол Еуроодақ елдеріндегі озық университеттер деңгейіне жеткен. Ал өр­шіл­дері Нью-Йорк, Хьюстон, Лас-Вегас, Торонто, Лондон, Лидс, Брайтон, Вена, Варшава, Пра­га, Санк-Петербург, Мәскеу сынды аса ірі қала­лар­да нәтижелі еңбек істеп, білгірліктерін танытуда. ЕурАзНИ ғылыми-оқыту жетістіктері үшін Парижде «Жаһандық сапаны ілгерілетуде алтын серти­ф­и­катын», Цюрихте «Білім өрісіндегі ха­лықаралық сапа сертификатын», Мәс­кеу­де «Ұлттық экономиканың топжару­шы­сы» құрмет белгісін жеңіп алды. Англия­дағы «ABЕ» жүйесінде Халықаралық инс­титуционалды аккредитациясының 2-ке­зеңінен нәтижелі өткен: www.abeuk.com. Еліміздің инновациялық экономи­ка­сын дамытудағы сұраныстарды қамтама­сыз етуде бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлап жатыр. ЕурАзНИ-дің профессор-оқытушы­ла­ры, қызметкерлері мен студенттері өзінің креативті ректорын әлемдік маңызы зор «Қа­зақ­станнан 2011 жыл адамы» марапатын АҚШ «ABI»-ден алуымен шын жүректен құттықтайды! Ол ұжы­мымызды Отанымыздың гүлденуі мен әлем кө­ле­мін­де бәсекелестігін күшейтуіне ынталандырады. Ал ЕурАзНИ-ға оқуға түсушілердің білікті кәсіби мамандар болуы, мақсаттарына жету, өмірде та­быс­ты, әлемнің дамыған елдерінің қоғамдастығы мой­ын­даған туған Отанының лайықты патриоттары қатарын толтыратындарына сенімдері сөзсіз. Мөлдір НҰРМҰРАТОВА, ЕурАзНИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, магистр. info@eurazir.kz www.eurazir.kz