Бұрнағы күні Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.
Келіссөз барысында тараптар 12 тамыз күні Қазақстанда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне дайындық барысы төңірегіндегі мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды.
Кездесу кезінде Н.Бордюжа жақын күндері ҰҚШҰ-ға мүше елдерге жасаған сапарының қорытындысы жөнінде баяндап берді.
Бұл күні тараптар сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету, ұйымның қызметін жетілдіру және жандандыру мәселелеріне қатысты мәселелерді талқыға салды.