• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Әзірлікке оң баға берілді

243 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі Комитетінің мүшесі, ТМД ПАА байқаушылар тобы үйлес­тірушісінің орынбасары Вадим Густов бастаған ТМД ПАА-ның Парламент Сенаты депутаттары сайлауын байқау жөніндегі делегациясын қабылдады. Парламент жоғарғы палата­сы­ның депутаттарын сайлау мониторингіне қатысқаны үшін ТМД ПАА миссиясына ризашылығын білдіре келіп, Сенат Төрағасы «Достастық елдері депутат­та­ры­ның тарапынан Қазақстандағы сай­лауды байқау жақсы дәстүрге айналды», – деді. Қ.Мәми Халықаралық демо­кра­тияны, парламентаризмді да­мы­ту және ТМД ПАА-ға қаты­су­шы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуы мо­ниторингі институты са­рап­шы­лар тобының Сенат депу­тат­тарын сайлауға әзірлікті ұзақ мерзімді мониторингі жө­нін­дегі аралық есебімен таныс­қанын жеткізді. «Есепте сайлау үдеріс­тері­нің барлық жағдайы қамтылған және алдағы сайлауға әзірлікке шы­найы баға берілген», деді Төраға. ТМД ПАА байқаушылар тобы үйлестірушісінің орынбасары Вадим Густовтың айтуынша, «Қазақстандағы сайлау алды үде­рістері айқын және демо­кратия­лық тұрғыда өтуде». «Біз Қа­зақстанға байқаушы ретінде зор ықыласпен келеміз, бұл біз үшін пайдалы тәжірибе», деп атап өтті В.Густов. 19 тамызда елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы болады. Сайлауға қазіргі кезде 68 халықаралық байқаушы тіркелді, оның ішінде 8 адам ТМД ПАА-дан болып отыр. Кездесуге ТМД ПАА Кеңе­сінің Бас хатшысы Михаил Кротов және Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Салық және ақша-несие саясаты комитеті төрағасының орынбасары Улукбек Кочкоров қатысты. «Егемен-ақпарат».