Кипрде Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесінің жыл сайынғы отырысы шеңберінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Бірінші вице-президенті Фил Беннетпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылық және гидромелиоративті жүйелерін қайта қалпына келтіру» жобасы бойынша Кепілдік келісіміне қол қойды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы жобаны қаржыландыру үшін 180 млн долларға дейінгі сомада мемлекет кепілдігімен қарыз беріп отыр.
Бұл қаржыға Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы мен гидромелиоративті жүйелерді қайта құру және қалпына келтіру, сондай-ақ суармалы судың сапасын жақсарту және суармалы жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы суландыру жүйесінің ПӘК тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілетін болады.