• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Мамыр, 2017

Санитарлық авиация медициналық сақтандыруға әзір ме?

150 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде елімізде даму әлеу­еті зор еркін санитарлық авиация қызметі жұмыс істейді. «Әуелік же­дел жәрдем» қызметі әлемнің бар­лық елінде кездесе бермейді. Сондай-ақ, көптеген мемлекеттерде халыққа сани­тар­лық авиация нысанында көмек көрсету ақысыз жүр­гі­зілмейді. Ал бізде әр аза­мат­қа шұ­ғыл медициналық кө­­мек көр­се­­ту әлемнің қай же­рін­де бол­ма­сын, мемлекет ке­піл­ді­гімен қам­тамасыз етіл­ген.

2012 жылы «Республикалық санитарлық авиация орта­лы­­ғы» рес­публикалық мем­­ле­­кеттік кә­сіп­орны құ­рыл­­ды. Тұрақты дай­ын­­­дық­­­ты қамтамасыз ету жә­не са­­ни­­тарлық ави­ацияның мо­­бильді  бри­­гадаларын шұғыл ба­с­­­қ­а­ру мақ­са­тында облыс ор­та­лық­тарында са­­ни­тарлық авиация бөлімшелері ұй­ым­дас­ты­рыл­ды. Қазіргі уақытта қыз­меттің қам­ту ай­мақтарын ке­ңей­ту, оның ішінде жаңа ұшу ба­­ғыт­тары мен қону алаңдарын жә­не ұшып-қону жолдарын игеру арқылы ауылдық елді ме­кен­дерді санитарлық авиация қыз­метімен қамту бойынша бел­сенді жұмыс жүргізілуде. Са­нитарлық авиация қызметі па­циенттерді тасымалдау, кон­сультация беру, ота жасау, со­­нымен бірге донор ағ­за­ла­ры мен биоматериалдарды та­сы­мал­дау бағыттары бойын­ша ат­қарылады. Орталық құ­рыл­ған­нан бері санитарлық авиация қызметі 11 мыңнан астам пациентке көмек көрсетіп, 9447 ұшуды орындады. Санитарлық авиация күші арқылы көмек көр­сетілген пациенттердің басым бөлігі ауыр жарақат­тан­ған­­дар, оның ішінде жол-көлік оқи­ғаларынан зардап шеккендер, балалар және жаңа туған нә­рестелер, жүкті әйелдер мен жү­рек-қан тамыры патология­сы­на душар болған жандар. Са­нитарлық авиация қызметі со­нымен бірге жүктілік және бо­с­анғаннан кейінгі кезеңдегі ауыр халдегі әйелдерді дер к­е­­зінде тасымалдау арқылы ана өлімі көр­сеткіштерін тө­мен­­­детуге ба­ғытталған. Осы мақ­­сатта ме­дициналық ұйым­дар­дан т­ә­жі­­рибелі акушер-ги­не­кологтар, реаниматологтар тартылады. Тәуелсіздік жыл­­­дарында ана өлімінің көр­­­­сеткіштері 84 пайызға тө­мен­­деді. Санитарлық авиация ұшуларының география­сы мемлекет аумағымен ғана шек­­телмейді, пациенттерді, яғ­­ни ел азаматтарын тасымал­дау шет елдер аумақтарынан да жүзеге асыры­лады. Бүгінге дей­­ін санитарлық авиация­мен әлем­нің 16 мемлекетінен 30 па­циент та­сымал­данды. Оның ішінде Оңтүстік Корея, Гер­мания, Түркия, Чехия, Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдері бар. Пациенттерді тасымалдау процесіне жо­ға­ры маман­дан­дырылған, кәсіпқой және әуе құт­қа­ру қызметінде үлкен тәжі­ри­бе­ге ие, нау­қас өмі­рін сақтап қалуға қа­жетті жаб­­дық­тарды пай­­далану машықтарын игерген ар­найы м­о­бильді бригадалар қатысады. Мо­бильді бри­­гаданың әрбір ұшуы бас­қа ұшу­­ларға ұқсамайды. Мысалы, хи­­рургиялық пациентті та­сы­­малдау кардиологиялық па­циентті тасымалдаудан, ал ауыр хал­дегі ересек паци­ен­т­­ке көмек көрсету кіш­кен­­­тай жастағы па­циентке кө­­­мек көрсетуден тү­бегейлі түр­­­де ерекшеленеді. Сон­дық­­­­тан санитарлық авиация қыз­метінің штаттық ме­дици­­­на­­лық маманда­ры­нан бөлек бас­­­қа да медициналық ұй­ым- дар­­­дан екі жүзден астам маман тар­тылады. Қазіргі уақытта еліміздің са­­ни­тарлық авиация мүддесіне 33 әуе көлігі пайдаланылады, оның ішінде 22 ұшақ, 11 тік­ұшақ бар. Ке­ңестік кезеңде жа­салған ұшақтар жә­не тік­ұшақ­тар­мен бірге батыстық үлгідегі авиа­­ция­лық техникалар­мен, «Қазавиақұтқару» АҚ Euro­copter тікұшақтарымен қам­ы­л­ған. «Міндетті әлеуметтік ме­ди­­ци­налық сақ­тан­дыру ту­ра­­лы» за­ңының қабыл­да­ну­­ы­на жә­н­е күшіне енуіне орай, санитарлық авиация қызметтері халыққа мем­ле­кет­­­тік бюджет есебінен ұсы­ны­ла­­­тын болады. Демек, елі­міз­дің бар­л­ық азаматтарына ақысыз не­гізде көмек көр­сетіледі.  Қолданыстағы жүйені ре­фор­малау сани­та­рл­ық авиация қызметі алдына мемлекет ке­піл­діктерімен ай­қын­далған меди­ци­налық қызмет көрсетудің жо­ға­ры стандарттарына сәйкес кел­уі туралы міндеттерді қойды. Ал­ғаш­қы ке­зекте санитарлық авиация қыз­метінің әр ба­ғытын іске асы­ру әлемдік озық тәжірибені па­й­­­далану қағидаларына (Good practice) жә­не көрсетілетін кө­мек сапасын тұрақты түр­де арттыруға (Total Quality Management) не­гіз­делуі тиіс. Сондай-ақ, басқару әдістеріне, ло­гистикалық процестерге, кадрлық және жаб­дықталу мәселелеріне деген көзқарас пен па­ци­ентке уақтылы және сапалы медициналық кө­мек ұсынуға бағытталған барлық қыз­мет ас­пектілері қайта қарау­ды талап етеді. Шұғыл медициналық кө­мек көрсетуде жан-жақты жақ­сы мең­герген практикалық ма­шықтың маңызы зор. Қазіргі кез­де базалық реанимация стан­дарты бойынша шұғыл ме­ди­­ци­на­лық көмек көрсетудің прак­ти­калық ма­шық­тарына (BLS) же­дел медициналық жәрдем қы­з­­меткерлерінің 12,8 пайызы, ке­ңейтілген реанимация стандарты бойынша (ASLS) 12,5 пайызы оқытылды. Бү­гінде Денсаулық сақ­тау ми­нистрлігінің тапсырмасы бо­й­ынша са­ни­тарлық авиация және жедел медициналық жәр­­дем қызметі күшімен елі­міз­дің барлық өңір­лерінде ха­лық­­аралық стандарттарға сәй­кес қыз­меткерлерді шұғыл м­е­ди­ци­налық көмек көрсетудің пр­а­к­­тикалық машықтарына оқы­ту бой­ынша белсенді жұ­мыс жүр­гі­­зі­ліп жатыр. Міндетті әлеуметтік ме­ди­ци­налық сақ­тан­ды­ру шеңберіндегі қыз­­метті дамытудың басым ба­­ғыт­тарының бірі – SMART-тех­­нологияны жә­не тел­е­ме­ди­ци­на­ны пайдалану. Бұл шал­ғай өңірлердегі пациент жағдайының ағымдағы па­ра­­метрлерін тез уақыт ар­а­лы­ғын­да ұсынуға, сонымен бір­ге қашықтықтан консультация өткізуге мүмкіндік береді. Ме­­дициналық көмек көрсету про­­цесін стандарттау сапаны және пациент қауіпсіздігін арт­тырудың негізі болмақ. Біз ТМД аумағында алғаш рет ме­ди­циналық ұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін аккредиттеу сала­сында көлік медицинасының Joint Commission International (JCI) халықаралық стандартын енгізу процесін бастадық. JCI халықаралық стандартын енгізу РСАО көліктік медицина қызметінің сапасын арттыруға және осы стандарттар жүйесі бойынша аккредиттелген әлемнің 10 көліктік ме­дицина ұйымдары қатарына ену­ге мүмкіндік береді. Стан­дарт­­тарды енгізу процесі айтар­лық­тай уақыт пен ресурстар шығынын талап ететіні сөзсіз. Алайда, аккредиттеуден өту ұйым қыз­­меткерлерінің тұрақты түрде өзін өзі же­тіл­ді­ру­іне, кә­сіби өсуіне, көрсетілетін ме­д­и­­ци­на­лық қыз­­меттердің сапасы мен қау­іпс­із­дігін арттыру­ды қамтамасыз етеді. Елімізде жыл сайын екі жа­­­рым мыңнан астам азамат санитарлық авиация қыз­ме­тіне мұқтаж. Сол себептен ден­саулық сақтау жүйесін ре­фор­­малау жағдайындағы қыз­­ме­­ті­міздің негізгі міндеті тұр­ғы­лықты орны­на және сақ­тан­дыру полисінің болуына қа­тыс­сыз әрбір тұрғынды үздіксіз және сапа­лы көмекпен қам­тамасыз ету болмақ. Сон­дық­­тан, Денсаулық сақтау ми­нистрлігімен бір­ге міндетті әлеуметтік медициналық сақ­та­н­ды­руды енгізу жағдайында са­нитарлық ави­а­ция қызметі ал­дында тұрған міндеттер мен тап­­сырмаларды толық көл­емде іске асыру үшін үлкен дай­ын­дық жұмыстары жан-жақты жүр­гізіліп келеді.

Нұржан ОТАРБАЕВ, «Республикалық  санитарлық авиация орталығы»  РМК директоры