Мамыр айының алғашқы аптасында Астанадағы қайталама нарықтағы үй бағасы болмашы өзгерді, деп жазады kn.kz сараптама қызметі.
2017 жылдың 1-7 мамыр аралығындағы елордалық қайталама нарық үйлерінің бағасы орта есеппен шаршы метріне 347,5 мың теңгені құрады.
Ал жыл басынан бері теңгемен есептегенде қайталама нарықтағы үй бағасы 5,2% арзандап, шаршы метріне 19 мың теңгеге дейін жоғалтты.
Жалпы, сатылымға шыққан пәтерлердің орташа бағасы 25 млн теңге. Ал бір бөлмелі үйлер 13,5 млн теңге болса, екі бөлмелі үйлердің бағасы 20,7 млн теңге.