• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Мамыр, 2017

Қытайда жер сілкінісінен сегіз адам қаза тапты

177 рет
көрсетілді

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінде жер сілкінісі болып, сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды.

Мәліметтер бойынша оннан астам түрлі деңгейде жарақат алды. Зілзаланың магнитудасы – 5,5 балл, ошағы сегіз шақырым тереңдікте орналасқан. Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 05:58-де Тақсорған автономды уездіндегі Қашғар округінде тіркелген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар тобы көмек көрсетуде.