• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2017

Егіннің сапасы – өнімнің кепілі

318 рет
көрсетілді

Аймақта көктемгі-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу тақырыбына арналған семинар-кеңес сындарлы сипатта өтті. Аудан әкімдері, ғалымдар, аграрлық кеңестің мүшелері, аумақтық ведомство, фирма басшылары, агроқұрылым жетекшілері қатысқан алқалы басқосуда толғақты мәселелер кеңінен қозғалды.

Жиынды ашқан өңір басшысы Құмар Ақсақалов Жолдау талаптарынан туындайтын ауыл шаруашылығын ау­қымды жаңғыртудың келелі мәсе­ле­­­лерін кешенді түрде шешудің пі­сіп-жетілгенін атап көрсетті. Ауыл­ша­­руашылық өндірісін арттыру, жаңа тех­нологияларды енгізу есебінен гектар шығымдылығын молайту кезек кү­т­тірмейді. Солтүстік Қазақстанның же­рі өте құнарлы, қарашіріндіге бай, то­пырақтың орташа бонитеті 54,8 бал­ды құрайды. Сондықтан елімізде өн­дір­і­ле­тін астықтың 30 пайызы өңір әлеу­етінің ш­е­гі емес. Құмар Іргебайұлы сонымен қатар об­лыс азық-түлік тағамдарының кейбір түр­лерімен өзін-өзі қамтамасыз ете алмай отырғанына назар аударды. Мем­лекет басшысы белгілеп берген стратегиялық міндеттерге қол жет­кі­­зудің ішкі мүмкіндіктерін тиімді пай­­даланып жүрген жоқпыз. Өңірде ау­­ыл шаруашылығы – ең басым ба­ғыт­­тардың бірі. Бұл орайда, жер-ана­ның қайтарымын көтеру үшін бар­лық ауылшаруашылық тауарларын өн­ді­ру­шілермен тығыз жұмыс істеудің ма­ңы­з­ы зор. Ауыл шаруашылығы сала­сын қол­дау мақсатымен биыл 43,9 ми­л­ли­ард теңге көлемінде демеуқаржы қарастырылған. Бұл – ауыз толтырып айтарлықтай қаржы. Ал, өсім – 39 пайыз ғана.  Жасыратыны жоқ, кей агро­құ­рылымдар топырақтың құнар­лы­лығын арт­тыру, ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақ­тау, ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру жұмыстарын өз дең­гей­ін- ­де атқара алмай келеді. Жермен жұмыс іс­теу­дің экономикалық тиімділігін кө­те­­руде дәстүрлі әдістермен бірге қор сақ­таудың нөлдік және жерді ең аз өң­деу технологиялары кеңінен пайда­ла­нылмайды. Дәстүрлі технология­мен өсірілетін ауылшаруашылық да­қыл­дары 42, нөлдігі 11 пайызды құ­рай­ды. Егістіктік алқаптарды пар­ға қалдыру, сүдігер жырту жайына аз көңіл бөлінеді. Жиында 4 және 5 сұ­рып­ты дәнді және бұршақ тұқымдас да­қылд­арды ерте пісетін, жоғары өнімді түр­лерімен ауыстыру баса айтылды. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 65 мың тонна дизель отынының 39 мың тоннасына ғана шарт жасалған. Ми­нералды тыңайтқыштар алуда ша­руашылықтардың 9 пайызы ғана ке­лі­сім­ге қол жеткізген. Үкімет қатты отын­ның әр литрін 126 теңгеден боса­тып отырғанын ескерсек, осынау мүм­кін­дікті мүлт жіберуге болмайды.  Бараев атындағы Астық шаруа­шы­лы­ғы ғылыми-өндірістік орталығының ди­ректоры Жексенбай Қасқырбаев септориоз, сабақтың таттануы, тағы бас­қа өсімдік ауруларының өршуі сал­дарынан өнімділік 30-70 пайызға дейін кемитініне нақты мысалдар кел­тірді. Оның бір ұшығы білікті ма­ман­дар­дың жеткіліксіздігіне, кәсіби да­яр­ланбауына, ғылыми жетістіктер мен жаңалықтардың енгізілмейтініне ке­ліп тіреледі. Солтүстік Қазақстан мал жә­не өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институты директорының мін­де­тін атқарушы Әйіп Ысқақов сапалы жем­азық базасын құрудың әлеуетін қа­лыптастыру жолдарына тоқталды. «Тайынша-Астық» ЖШС директоры Ана­толий Рафальский астық өндірісін әр­тараптандыру тәжірибесімен бөлісті. Мұн­да 2008 жылы егістік алқаптың 68,6 пайызына бидай өсірілсе, былтыр жа­сымық 40,9, бидай 21,3 пайызды қ­ұраған.   Соңғы жылдары ауылшаруашылық құрылымдарын қолдауға «Агро­өнер­кәсіп кешендерін дамыту» бағ­дар­ламасы аясында 240 миллиард тең­ге бө­лінген. Алайда, өткен жылы ең­бек­а- қы төлеу қоры 13,5 миллиард теңге ға­­на болған. Іс жүзінде, мемлекет де­меу­қаржы есебінен жалақы төлеп отыр­­­­ғанына қарамастан оның мөлшері жө­­ні­нен облыс соңғы орындарда екен. Лай­ық­ты еңбекақы алмағандықтан, кадр тұ­рақтамайды.  Семинарда облыстың ішкі нарығы бұ­рынғысынша импортқа тәуелді еке­ні, көптеген өнімдер сырттан әке­лі­нетіні, сондықтан экспорт әлеуетін арт­тырудың, бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығарудың мүмкіндіктері де әң­гі­меленді.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы