Бұл балалар Баянауылдан облыс орталығында өтетін спорттық жарысқа келе жатқан болатын. Автобуста 18 оқушы және 4 тәрбиеші болған. Көліктің алдында полиция көлігі жүріп отырады. Кенеттен жолдың қарсы бетінде келе жатқан «КамАЗ» автобусқа қарсы шығады. Полицейлер соққыны өздеріне алып, балалардың өмірін құтқарып қалды. Биылғы қыс айында болған осы оқиға жұртшылықтың есінде. – 7 мамыр − Отан қорғаушы күніне орайластыра алған марапат біздер үшін зор мәртебе. Қандай қиын сәттерде болса да әріптестеріміз өз міндеттеріне сай адал қызмет етуде, біз де сондай сын сәтін бастан өткердік, – дейді бейбіт күннің батырлары. Жол апатынан соң, бірнеше ота жасатып, Мұрат Нұрсейітов аман-есен емделіп шықты, қазір денсаулығы қалыпты, алдағы қыркүйек айында қайтадан қызметіне кіріспекші.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ