Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 мамырда Франция астанасында өткен қайырымдылық кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды. Ол Димашты бұл шараға арнайы шақырған болатын. «Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. Айта кетейік, Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты – көмекке мұқтаж балалар мен әйелдерге, сондай-ақ отбасыларға қолдау көрсету.