• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2017

«ЭКСПО»-ға 150 мың адам барады

136 рет
көрсетілді

Бұл күн сәулелі оңтүстіктен баратын адамдардың саны ғана. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай дерек айтылды.

Оңтүстіктен 150 мың оңтүстік­қазақ­стандық көрермен ретінде барады. Олардың 3750-і − мектеп оқушылары. Сондай-ақ, 139 мүм­кіндігі шектеулі және зейнет­керлік жасындағы азаматтарды апару жоспарланып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік, индус­триялық-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаеваның айтуынша, баратын азаматтардың саны белгілі. Оларды тасымалдау жағы қарастырылған. Әзірге Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаларынан алдын ала тапсырыспен орын алынған екен.

Бөлім басшысы көрмеге бара­тын­дардың 15 пайызы ұшақпен, 110 мың 200 азамат пойызбен жете­ді. Олардың билеттері алдын ала брондалып қойған деген дерек­ті айтты.

Облыстық жолаушылар к­өлі­гі және автомобиль жолдары бас­қармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев:

− Көрмеге барамын деген аза­мат­­тарға алдын ала пойыз, ұ­шаққа билеттерді сатуды баста­дық. 16750 орынды дайындап оты­рмыз, – деді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбековтің айтуынша, көрмеге оңтүстіктен 12 976 тонна ауылшаруашылық өнім­дері жөнел­тіледі. Астана қала­сы мен Ақ­мола облысының бау-бақша өнім­деріне деген қаже­тті­лігін ескере отырып, 37 ірі жә­не орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз керуенін аттандырмақ.

Азық-түлік тауарлары 25 жүк және мұздатқышы бар арнайы көліктермен тасымалданады.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы