• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2017

Өскеменде жылу орталығында шыққан өрт сөндірiлдi

163 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 11-де Өскемен қаласындағы Өскемен жылу электр орталығының көлемі 400 шаршы метрдi құрайтын су қыздыру ғимаратының шатырында өрт шығып, шаһарды үстін көк түтін басып кеткен болатын.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі тiлсiз жаудың сағат 11:52-де толық сөндірiлгенiн,  өрттi өшіруге 20 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылғанын хабарлады. Облыс әкімінің бiрiншi орынбасары Нұрымбет Сақтағанов оқиға орнына арнайы барып, жағдаймен танысты. 

Төтенше жағдайға байланысты Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев журналистерге шағын сұхбат бердi. 

"Өрт сөндірiлдi. Тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ешкiм зардап шеккен жоқ.  Арнайы қызметкерлер өрттiң шығу себептерін анықтайтын болады", - деді ол.

Азамат Қасым,  "Егемен Қазақстан"

 ӨСКЕМЕН