• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2017

ҰҚК арнайы операциясы: Қызылорда облысы көлік прокуроры ұсталды

210 рет
көрсетілді

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қызылорда облысы аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерге қатысы бар 8 адамды ұстады. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС-ында (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасы жүргізілді.  Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды.  Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.