• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2017

Астанада 93 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

127 рет
көрсетілді

Астанада абаттандыру ережесін бұзған 93 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын орындау мақсатында Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің аппарат мамандарымен бірлесіп, қаланы абаттандыру ережесінің талаптарына сәйкес құрылыс алаңдары мен учаскелеріне күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізуде.  Мәселен, ағымдағы жылдың басынан ҚР ӘҚБтК 505 бабын «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру» бұзған яғни, іргелес аумақтарды қардан, мұздан, қоқыстардан уақытылы тазартпау, құрылыс учаскесінің тыс ауласына құрылыс қалдықтарын жинамау, қоршауларды орнатпау, жүк автокөлік дөңгелектерді жуу және т. б. бойынша 93 құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемінің жалпы сомасы 6 млн теңгеден асады.