• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2017

Ақтөбе облысының әкімі республикалық олимпиаданың жеңімпаздарына арнайы грант бөледі

135 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде дарынды балаларға қолдау көрсетудің саналуан үлгілері орныққан. Соның бірі – гранттық қолдауға бағытталған кешенді шаралар.

Әр түрлі халықаралық және республикалық олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанған жеткіншіктер қай өңірде де аз кездеспейді. Алайда6 олардың бәрі бірдей Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезінде мемлекеттік грант бойынша оқуға жеткілікті баллды ала алмауы мүмкін. Дарынды түлек үшін бұл тым біржақты, тым қатқыл, әділетсіз шешім болмақ.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оларға өз грантын беретіні жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде өңір басшысы кеше «Әсем» жыл бойы демалу лагерінде оқушылармен өткізілген кездесуі кезінде мәлімдеді.

Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан»