Бүгін Жарма ауданының Әуезов кентiнде "Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-ның директоры Ю.Овчинников аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа "Экспо" көрмесіне демеушілік мақсатта бөлiнген билеттерді табыс етті.
Кәсіпорын басшысы аудан әкіміне 2 млн.340 мың теңгеге алынған 390 билетті салтанатты түрде тапсырып, қабыл алуды растайтын екi жақты құжатқа қол қойды.
"Кәсіпорын ұжымына алғыс айтамыз. Бұл билеттер аудандағы дарынды балаларға тапсырылатын болады" ,- деді аудан әкімі.
Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан"
Шығыс Қазақстан облысы