Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова шараны аша келіп, Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді білім беру жүйесінде іске асыру туралы атап өтті. Сенатор Мемлекет басшысы алға қойған рухани жаңғыру міндеттері арасында ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы ерекше орын алатынын еске салды. Б.Әйтімова біздің еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен саналы жас ұрпақ тәрбиелеуде «Білім-инновация» және «Білім-орда» халықаралық қоғамдық қорларының ерекше үлесін атап өтті. Кездесу барысында осы қорлардың басшылары Дархан Өте, Дарханбек Қожабеков және Абдуррахман Сел баяндама жасады. Парламентшілер жан-жақты пікір алмасу барысында біздің еліміздің орта білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар мәселелерді көтерді. Шараға Сенат депутаттары Владимир Редкокашин, Әли Бектаев, Серік Бектұрғанов, Ақан Бижанов, Нұрлан Қылышбаев, Төлеубек Мұқашев, сондай-ақ, Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева қатысты. Сенаторлар Білім және ғылым министрлігіне «Білім-инновация» лицейлерінің алдыңғы қатардағы тәжірибесін бүкіл елімізде кеңінен таратуды ұсынды. Түлектердің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін осы заманғы білім беру әдістемесі мен үш тілде оқытуды енгізу, технологиялық жабдықтауды жаңғырту туралы бірінші кезекте айтылды. Кездесуді қорытындылай келіп, сенатор Б.Әйтімова шараның маңызды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, жүздесуге қатысушылар заң ережелерін білім беру саласында іске асырудың мән-жайы туралы хабардар болды.
Білім
•
18 Мамыр, 2017
Мақсат – интеллектуалдық әлеуетімізді дамыту
709 рет
көрсетілді
Сенат депутаттары Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінде болды. Мұнда «Білім-инновация» және «Білім-орда» халықаралық қоғамдық қорларының ұстаздары және басшылығымен кездесу өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.