• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2017

Тарихқа құнтсыз болмасақ етті

290 рет
көрсетілді

Менің есіме осыдан бес жыл бұрынғы Елбасымыздың Nazarbaev University оқу орнының студенттерімен кездесуінде 1932-1933 жылғы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту керектігін айтып: «Егер ашаршылық болмағанда қазір 45-50 миллион болатын едік» деп мәлімдеген сөзі түсіп отыр. Сол 2012 жылы Астана қаласында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылып, оған қала жұртшылығы жыл сайын 31 мамыр күні барып тәу етіп, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштау дәстүрге айнала бастады.

Иә, Кеңес Одағының құра­мы­н­дағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың ба­сында адамзат бұрынғы өз тари­хында кездестірмеген сұрапыл зұл­матты басынан кешірді, қазақ хал­қының жартысына жуығы аштықта кы­рылды. Жазушы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Алдан Смайылдың айтуынша, 1921 жылы аштықтан 1,5 миллион, ал 1932 жылғы аштықтан 2,5 миллион қазақ опат болған. Бұл деректер негізсіз емес, әрине. Мәселен, Мұстафа Шоқай ВЦИК-тің Түркістан істері жөніндегі арнау­лы комиссиясының мүшесі, большевик Сафаровтың айғақтарына сүйене отырып, Сырдария  облысында 1920 жылы миллион­ қазақтың аштан өлгенін айтады. Сонда бір ғана Сырдарияда ашаршылықтан қаза тапқан қазақтар са­нының екінші дүниежүзілік со­ғыс­та өлген қазақтардың, АҚШ-тың Жапонияның Хиросима мен Нага­саки қалаларына 1945 жылы тас­таған атом бомбасынан жер құш­қандардың санын екі орап алуын көз алдыңа әкелудің өзі сұмдық емес пе? Малы жоғалса іздеу салатын қазақтың ұрпағы бізге әлі де Қазақ­станда ашаршылық және одан ке- й­інгі саяси репрессия кезіндегі мерт болғандар санын анықтай тү­су қажет болады. Бізге тарихқа де­ген құнтсыздықты тоқтататын кез жетті.     Үздіксіз жүргізілген репрессия­лық шаралар қазақ коғамының әлеу­меттік құрылымын түбегейлі өзге­ріс­ке ұшыратты. Зиянды қоғамдық «элементтер» ретінде тегеурінді зияткерлік қуаты бар қоғамның тұ­тастай буындары құртып жібе­ріл­ді. Оның ішінде қазақтың саяси элитасының алғашқы толқыны, бел­гілі бір дәрежеде ұлттық мә­де­ниеттің ұйытқысы бола алған, ғасыр­лар бойы қалыптасқан дәс­түрлі дін уағыздаушылары (ишан, имам және молдалар), шығар­ма­шы­лық интеллигенцияның озық бө­лігі, экономикалық белсенді, ат- төбеліндей ғана ауқаттылар (бай­лар), бүгінгі тілмен айтқанда, сол кездегі қазақ бизнесмендері би­ліктің күшімен жойылды. Ұлт­ты тамырынан, өткенінен, қазақ хал­қын тарихи санасынан, яғни төл өр­кениетінен айыру үшін екі рет қа­зақ әліпбиі күштеп өзгертілді. Бұл қазақ халқына қарсы жасалған мәдени геноцид актісі еді.  Қоғам мен жеке адам тұлғасына жаса­лын­ған қиянат ұлттың рухани болмысын терең күйзеліске ұрын­дыр­ды. Осыған қолдан келгенше қар­сыласып баққан, қазақ халқы үміт артқан революцияға дейінгі ұлт­тық элитаның, 1917 жылдың 13 жел­тоқсанында Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкіметін құр­ған Алаш зиялыларының, Алаш пар­тиясының күшін әлсіретіп, ел ішіндегі ықпалын азайтты. Саяси элита тоталитарлық жүйе­ге саяси мүмкіндіктермен қарсы тұра ал­май қалған шақта халық қол­да­ры­­на қару алып, бас көтерді. Та­р­и­­хи әдебиеттерден 1929-1930 жыл­­дары Қазақстанда аяусыз басып жаншылған 370-тей халық кө­те­рі­ліс­тері (шаруалар көте­рі­лі­сі деп те атайды) болғаны тура­лы мә­лі­мет­тер­ді кездестіресіз. Мың­­да­ған адам сот­талды, атылды. Ком­м­у­нис­тік ре­жімнің 1920-1930 жыл­дар­да­­­ғы эко­номикалық, оның ішінде ұжым­­дас­тыру саясатына қар­сы қа­зақ халқының жаппай қа­рулы кө­те­рі­лістері – бұл да өзінің жа­ңа тұр­ғы­дағы тарихи бағасын алу­ын күтіп тұр­ған мәселе.  Арасындағы ашаршылықтарды қосып алғанда, сонау жиырмасыншы жылдарда басталып, бір­тін­­деп күш алған саяси сүргін ақы­рында 1937 жылдың қанды террорына ұласты. Сөйтіп, кеңестік биліктің ұзақ жылдарға созылған геноцидтік саясатының салдарынан қазақ халқы басқарушы саяси тұлғаларынан, озық ойлы зиялыларынан айырылды. Тарихшылардың мәліметі бойынша, сталиндік репрессия жылдарында Қазақстанда кем дегенде 22 мың адам атылып кеткен. Тіпті, олардың артында қалған жарлары мен балалары да «халық жауының» отбасы болғаны үшін абақ­тыларға жабылды. Қазақ жері «Карлаг», «Степлаг», «Алжир» сияқ­ты лагерьлерге толып, Қазақ елі каторгаға айналды. Ал мұның бәрі қазақ халқының тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын үзіп, ұлттың өсіп келе жатқан жа­ңа ұрпағының санасын ұлттық құ­н­ды­лықтарға орын қалдырмайтын жа­ңа коммунистік догмаға бірыңғай ау­­дару пиғылымен жасалған жос­парлы шаралар еді. Алаш қай­рат­керлері: Мұстафа Шоқайдың осы тарихи қаралы кезеңді қазақ ұл­тын коммунистің балғасымен жан­шып, орағымен орып тастау көз­делген кезең деп бағалауы, Әлихан Бөкейханның өзінің бір мақа­ла­сын­да большевиктердің билікке келуін «Ақтабан шұбырынды, Ал­қакөл сұлама» кезіндегі қасіретті кезең­мен салыстыруы тіпті де тегіннен-тегін емес еді.  Егер ұлт-азаттық қозғалыстарға әділ баға берілмейтін болса, тә- у­ел­сіздік жылдары туған ұрпақ еге­мен­дікті қазақ халқының ғасыр­лар­ға жалғасқан күресінің нәтижесі  ем­е­с,­ өздігінен келген тарихтың тар­туы деп қабылдауы әбден мүм­кін. Тәу­елсіздік алғаннан бері де ұлт өмір­індегі бұл қайғылы кезең біз­­дің Отанымыздың тарихында, та­­рих оқулықтарында  тиісті дә­ре­жеде ашылмай келеді. Ал хал­қ­ы­мызға таңылған бұл қасіретті қажеттіліктен туған эксперименттік шара ретінде қарастырып, большевиктер билігінің жасаған қиянатын ақтауға тырысатын күш­тер әлі де бар. Қазақ халқына жа­са­лған зорлық-зомбылықтың ұмы­­тылмас деректерін көзге іл­меу­дің  айқын мысалы ретінде тә­- у­елсіздік жылдарының өзінде кеңес­тік сот пен прокуратураның 70 жыл­дықтарының мерекеленгенін атау­ға болады. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, тағы басқа қазақ халқының таң- д­аулы ұл-қыздарына ату жазасын берген кеңестік соттың  мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өткізу ақылға сыйымды ма еді? Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды қуғындап, аяусыз жүргізілген сот процестері жадымыздан өшкен жоқ қой әлі.  Ресми деректер бойынша, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толғаннан кейін де, Қазақстанда 18 елді мекен, 449 көше мен 15 ұйым әлі Ленин есімімен аталуда. Сонда халықаралық беделді ұйым – ЮНЕСКО деңгейінде мойындалған, Алаштың ең белгілі, көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі Қазақстанда бірде-бір рет болмаған В.Лениннен 7,5 есе рет сирек кездесетін болып тұрғаны ғой. Н.Крупскаяның есімімен әлі күнге дейін 36 көше мен 7 ұйым; Ф.Дзержинскийдің есімімен 35 көше мен 3 ұйым аталған. Ал енді Қазақстанға Лениннің, Круп­ская­ның, Дзержинскийдің атымен атал­ған осыншама көшелердің керегі қанша? Бұл жерде әңгіме тек Ә.Бөкейхан туралы ғана емес. Қазақстанның әрбір өңірінде болған «Алаштың» ондаған, жүздеген басқа да қайраткер арыстары бар емес пе? Мүмкін, «Алаштың» 100 жыл­дығында тек 20-30 бел­гілі көшбасшыларды ға­на айтпай, олардың жолымен жүр­ген майдандас серіктері да айтып, жергілікті жерлердегі ұмытылған есімдерді ашып, олардың аттарын көшелер мен нысандарға беру керек шығар?  Алашорда көшбасшыларының есімдерін көшелер мен түрлі нысандарға беру жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстар жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Дегенмен, егер оның нә­т­и­желерін кеңес дәуі- р­інің сақ­та­лып келе жат­қан «мұра­сы­мен» салыстыратын болсақ, жұм­сар­тып айтқанда, ой­ла­натын жайттар бар­шы­лық. Бұл деректер ХХ ға­­сыр­дың бірін­ші жартысындағы (әсі­ресе, 1920-1940 ж.ж.) коммунис­тер бас­таған биліктің қазақ халқына жа­­саған қанқұйлы қылмысына қа­тыс­ты берік ұстанымның әлі де қа­лып­таспағанын, сол себепті де ке­ңес­тік жүйенің геноцидтік сая­сат­ын әш­керелеу жүйелі түрде жүргізілмей отыр­ғандығын көр­се­теді. Біздің елі­міз­де ашар­шы­лық, саяси репрессиялар тарихы бірімен бірі қабыстырыла қа­ралып, кең ауқымдағы кешенді ғылыми зерттеу нысанына айналуы тиіс. Мұның болашақ ұрпақ үшін аса маңызды екендігі анық. 

Сәбит БАЙДАЛЫ, журналист,  алаштанушы