• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 19 Мамыр, 2017

EXPO-2017 билеттерін қалай тегін алуға болады?

293 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ЭКСПО билеттерін тегін алудың жолдарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы құрамына кіретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ЭКСПО билеттерін көптеп сатып алды. Билеттердің бағасы әртүрлі, күніне байланысты 4-8 мың теңгенің айналасында. Міне, осы билеттер жеңілдіктпен беріліп отыр. Пойызға билет алсаңыз, ЭКСПО билетін 45 проценттік жеңілдікпен алуға мүмкіндік бар. Ал «Тұлпар-Тальгоға» билет алынса, көрме билеті тегін беріледі», дейді Скляр.

Вице-министрдің айтуынша, ондай жеңілдіктер барлық облысаралық маршруттарға таралады.

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі кезінде 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар.