• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Мамыр, 2017

Қытай жаңа әскери тікұшақты сынақтан өткізді

178 рет
көрсетілді

Қытайдың жаңа «Чжи-19Е» әскери тікұшағы бүгін сынақтан сәтті өтті деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат агенттігі.

Сынақ елдің солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында сыналған. Тікұшақ басқа елдергі экспорттау мақсатында Харбин ұшақ жасау компаниясында жасалған. Компания Қытай авиация өнеркәсібі бірлестігіне қарайды.

Бұдан аз ғана уақыт бұрын Қытай өзі құрастырған алғашқы ұшақ тасушы кемені теңізге түсірген болатын.

Одан кейін Қытайдың алғашқы жолаушылар ұшағы «С1919» сынақтан өткені хабарланды. Мәліметтер бойынша, осы арқылы Қытай америкалық «Боинг» және еуропалық «Эйрбаспен» бәсекелесуді көздейді.

(Суреттер "Синьхуа" агенттігінен)