Алдын ала есептеу бойынша, ЭКСПО-2017 кезінде облыстардан Астанаға автобустармен 472 мыңнан астам адам, немесе тәулігіне 5 мыңнан астам мейман келеді. «Сапаржай Астана» автобекеті ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, сондықтан елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін дағдылы бағдарлар өзгеріссіз қалады. Қосымша ашылған рейстерге жаңа автобекеттерде қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Алай» автобекеті жұмыс жасай бастайды, онда солтүстік және батыс өңірлерден – Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскеменнен келетін қосымша ашылған рейстерге қызмет көрсетіледі. Екінші автобекет – «Кең март» оңтүстік және орталық өңірлерден – Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағандыдан күніне 34 рейс қабылдайды. «Қазіргі таңда автотасымалдарды ұйымдастыру процесін жедел реттеу мақсатында ИДМ Көлік комитеті мемлекеттік нөмірлері, иелері, сыйымдылығы және шығарылған жылы көрсетілген автобустар тізімін жасап жатыр», – деді Р. Скляр.
Үкімет
•
19 Мамыр, 2017
1 маусымнан бастап Астанада екі жаңа автобекет жұмыс жасайды
234 рет
көрсетілді
ЭКСПО-2017 кезінде жолаушыларды үздіксіз тасымалдау үшін Астанада екі жаңа автобекет ашылады, онда тәулік сайын еліміздің өңірлерінен 400-ге дейін автобус келеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті.