«Рас, Данияр екеуіміз MJA Entertainment's компаниясымен келісімшартымызды бұздық. Себебі, олар бізге келісімшарттта уәде еткендерін орындаған жоқ. Енді басқа компания іздеуді жоспарлап отырмын. Әуесқой боксқа оралғым келмейді», деді Иван Дычко.
Олимпиада жүлдегері сондай-ақ, алдағы жоспары туралы да ой бөлісті.
«Әзірге ешқайда бармаймын. Өзіме ыңғайы келетін промоутерлік компания іздеумен айналысамын. Осы мақсатым орындалғаннан кейін ғана дайындық жұмыстары үшін басқа елге барармын. Қазір өз деңгейімде болу үшін жаттығып жүрмін», деді Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Айта кетейік, жыл басында Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысып, австралиялық MJA Entertainment's компаниясымен келісімшартқа отырған еді. Ал дебюттік жекпе-жектері Қытайда өтеді деп жоспарланған болатын.