Басқосуда ұлттық өнеріміздің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміздегі рухани-мәдени саланың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланды. Гүлшара Әбдіқалықова кіріспе сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа бірге қадам басып, бұқаралық санବны өзгерту міндеті қойылғанын атап өтті. Оның ең басты талабы – мәдениетімізді, ұлттық кодты сақтау. Мемлекеттік хатшы ел Президенті айқындап берген міндеттерді іске асыруға шығармашыл жастар өкілдері белсене атсалысатынына сенім білдірді. Кездесуге қатысушылар ұлттың жан-жақты жаңғыруын жүзеге асыру үдерісінде өскелең ұрпақтың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қоғамның рухани дамуына қатысты идеяларын, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекеттік хатшы кездесу соңында мәдениет және өнер қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, береке-бірлік пен шығармашылық табыс тіледі.
Қазақстан
•
19 Мамыр, 2017
Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті
217 рет
көрсетілді
Кездесуге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, жас дарындар – жазушы Б.Сарыбаев, ақын Қ.Омарова, суретші К.Бекмұрзаева, мүсінші Л.Кочетов, театр және кино актерлері Ә.Ахметов, Ж.Мақажанова, Н.Ли, пианист Р.Әбдісағин, балет солисі Б.Адамжан, әнші И.Кайсиди және дирижер Қ.Омаров қатысты.