Хоккейден бірінші дивизиондағы А тобының 2018 жылғы әлем чемпионатын Венгрия астанасы Будапешт қабылдайтын болады. Бұл туралы ҚР хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Матчтар келер жылдың 22-28 сәуірі аралығында 9 мың орындық «Ласло Папп 2» аренада өтеді. Әлемдік хоккей элитасына жолдама алу үшін Қазақстан, Италия, Словения, Венгрия, Польша және Ұлыбритания бақ таластыратын болады.