Мақсат – кәсіпкерлерді кооператив құру жолдарымен таныстыра отырып, оларға бөлінетін субсидия және жеңілдетілген несиелер туралы мәлімет беру. Сонымен қатар, кооператив құруға ниеттілерге қолдау көрсете отырып, үлгі ретінде әр ауылда бір пилоттық жобаны жүзеге асыру.
Қатысушылар – аудан әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және қаржы институттарының өкілдері, кәсіпкерлер.
Жалпы, құрылған жұмысшы топ арқылы 14 жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары барысында 487 кәсіпкер қамтылды. Олардың ішінен 22 кәсіпкер кооператив құру үшін несие алуға ниет білдірді.
Шара барысында «ОҢТҮСТІК» АИО өкілі А.Сауранбаев кооперативтерді несиелендіру жəне оларды құру жолдарының тиімділігі туралы арнайы дайындаған слайд бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жергілікті «Кəсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері селолық тұтынушылар кооперативі мен ауыл шаруашылығы кооперативінің айырмашылықтары туралы, кооператив құру жұмыстарына және несиелендіру жұмыстарына халыққа қызмет көрсетуге дайын екендіктері жайында мәлімдеді. Ал жиынға қатысқан бірқатар СТК төрағалары мен кəсіпкерлер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.