Оған студенттер және колледж бен мектеп оқушылары қатысты. Аталған жоба Елбасының: Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру атты мақаласына өзек болған басты мәселелердің бірі – «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді. Осы орайда жастарға патриоттық тәрбие беруге, төл тарихымызды түгендеуге және өлкетану ісіне кең тыныс берілмек. Сондай-ақ жоба тарихи тұлғалар мен мемлекетіміздің қалыптасуына сүбелі үлес қоса білген азаматтардың есімдерін асқақтатуды мұрат тұтады. «Жоба аясында жыл бойы жалғасатын іс-шаралардың мазмұны кең, түрі саналуан. Соның ішінде өлкедегі мәдени және тарихи ескерткіштердің мән-жайын зерттеуге және өлкенің ерекше мүйістері мен қойнауларының сырын ашуға баса назар аударылып отыр», – деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ардақ Бекниязова. Бұл ретте жобаға қатысушылар облыстағы мәдени-тарихи мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция мамандарымен тығыз байланыста болмақ. Жоба тұсауын «Әлия-Мәншүк –қос шынар» қайырымдылық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес кесті. Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ
Аймақтар
•
23 Мамыр, 2017
Ақтөбеде «Ескерткіштер – елдіктің белгісі» атты жаңа жоба басталды
98 рет
көрсетілді
Ақтөбеде «Ескерткіштер – елдіктің белгісі» тақырыбымен рухани жаңғыру тұрғысындағы жаңа жоба қолға алынып, беташар рәсімі Әлия Молдағұлова мемориалдық кешені жанында салтанатты түрде өткзілді.