• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Мамыр, 2017

Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасы талқыланды

130 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі бойынша бейнеконференция байланысы режимінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz

Кеңеске Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, облыс әкімі орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты.  2012 жылы Үкіметпен бағаның негізсіз өсуіне және алып-сатарлыққа жол бермеуге және маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар қабылданғанын, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары құрылғанын атап өткен жөн. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 17,1 млрд теңге көлемінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қаржыландырылды.  Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Экономика министрлігі, Алматы мен Астана қалаларының және облыс әкімдіктері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы Меморандум жасалған болатын.  Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында өңірлер бойынша 2017 жылдың әр айына арналған тұтынушы баға индексі әзірленді.  Бүгінгі күні Алматы және Астана қалалары, облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың басынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейінгі кезеңде Тұрақтандыру қорларына 22 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды.  Сонымен бірге, қаңтар айынан бастап 16 мамырға дейін кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендегені байқалады: тауық жұмыртқасы – 18,6%, қарақұмық жармасы - 10,3%, қант - 6,8%, күнбағыс майы - 5,8%.