2017 жылдың 3-маусымынан бастап Bus Lane қоғамдық көліктерінің қозғалысы үшін белгіленген жолақпен 13 аумақ пайда болады. Енгізілетін учаскелердің ұзындығы – 10,6 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Bus Lane жолақтары 11 аумаққа енгізілген болатын (ұзындығы – 38,4 шақырым). Осылайша, олардың жалпы саны 24-ке жетті, ал учаскелердің ұзындығы - 79 шақырым.
Қала әкімдігінде өткен брифингте енгізілетін қосымша Bus Lane жолақтар қоғамдық көліктер үшін ғана емес, жедел-жәрдемнің, өрт сөндіру, полиция қызметі және ресми такси қызметінің орташа жылдамдық мөлшерін өсіруге мүмкіндік беретіні айтылды.