• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2017

Демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

544 рет
көрсетілді

Алдағы  демалыс күндері Астанада өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін базардағы бағадан 15-20% төмен алуға мүмкіндік бар.

Жәрмеңкеге 254 тонна өнім жеткізіледі: 47 тонна ет және ет өнімдері, 132 тонна көкөніс, 6 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шұбат, 13 тонна балық, 3 тонна – бал, 4 тонна – сұйық май, 5тонна – макарон өнімдері, 25 тонна – картоп, 4 тонна сүрленген түрлі өнімдер және 5000 жұмыртқа. Сондай-ақ, тағы 14 тонна басқа да қажетті өнімдер сөрелерге қойылмақ.  

Жәрмеңке «Қазақстан» СК және «Алай» көлік-логистикалық орталығының аумағында өтеді. Облыстардан келетін шығармашылық ұжым келушілерді концерттік бағдарламалармен қуантып, көтеріңкі көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.