Біріккен Араб Әмірліктерінің Cыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл-Нахаянның айтуынша, жыл сайын араб еліне Қазақстанның 100 мыңға жуық азаматы барып қайтады. Олар визалық талаптар алып тасталғаннан кейін бұл көрсеткіш екі есе көбейеді деген ниетте. «Қол қойылған құжатты іске асыру бойынша мемлекеттік ішкі процедуралар бір-екі айда аяқталады деп үміттенеміз. Құжат күшіне енген соң, қазақстандықтар БАӘ-ға сапарлары барысында 10 млн долларға дейін үнемдейтін болады», – деп жазды Әнуар Жайнақов. Оның айтуынша, бүгінгі таңда отандастарымыз БАӘ-ге виза алу үшін шамамен 100 доллар жұмсайды. Сондай-ақ СІМ баспасөз қызметінің басшысы жақында Жапония билігінің Қазақстан азаматтарына елге виза алу үшін талаптарды жеңілдеткенін атап өтті. «Қазақстандық дипломаттар Таиландпен, Израильмен, ҚХР арнайы әкімшілік аймағы Макаомен, сонымен қатар Доминикан Республикасы, Коста-Рика және Фиджи секілді экзотикалық мемлекеттермен де виза талаптарын жеңілдету жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді Ә.Жайнақов.
Қазақстан
•
24 Мамыр, 2017
БАӘ-ге визасыз режим енгізу қанша ақша үнемдейді
161 рет
көрсетілді
Қазақстан мен БАӘ арасында екі ел азаматтарын визасыз кіргізу туралы құжатқа қол қойылуына байланысты қазақстандықтар орта есеппен жылына 10 млн доллар үнемдей алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктағы парақшасында мәлім етті.