• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Бүгін "Алтын тобылғы" сыйлығы табысталады

122 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Назарбаев орталығында әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы-2016» сыйлығын алу үшін өткізілген конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Рәсімге ақын, жазушы-әдебиетші Олжас Сүлейменов, мемлекет қайреткері Мырзатай Жолдасбеков, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» РГ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Тараков қатысуда. "Алтын тобылғы конкурсымыз осымен екінші рет өтіп жатыр. Бұл мағыналы, мазмұны терең шара. Жастарға қамқорлық жасап, жас әдебиетке жол ашудың жартылай мемлекеттік, жартылай қоғамдық сипаты бар конкурсқа айналып жатыр. Алтын тобылғы деген аттың өзі қазақы сипат, ұлттық сипатты беріп жатыр. Оның негізгі құрылтайшысы - алғашқы Президент қоры. Ал идеяның авторы - Жазушылар одағы", - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин. Айта кетейік, «Алтын тобылғы» әдебиет сыйлығы – жас қазақстандық авторлардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға арналған жоба. Өтінімдер қабылдау осы жылдың 1 шілдесінен басталған боалтын. Конкурстың сыйлық қоры – 7 млн 600 мың теңге. Бүгін марапаттау рәсімінде 5 номинация бойынша 6 үздік шығарма авторлары белгілі болады. Аян ӘБДУӘЛИ, "Егемен Қазақстан".