• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Жер телімдері заттай грант ретінде берілмейді - АШМ

272 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов ҚР Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Сенат депутаттары заң жобасын талдай отырып, қазіргі таңдағы Жер заңнамаларына сәйкес, жер учаскелерінің инвестициялық жобаның, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында іске асырылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына заттай гранттар ретінде берілуі мүмкін болып отырғанын сөз етті. «Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: мораторий осы тұлғаларға да қатысты болады ма, егер қатысты болса, инвестициялық шарттарға өзгерістер енгізілуі мүмкін бе?», – деп сауал тастады депутаттардың бірі. Бұл орайда, А.Мырзахметов Жер Кодексінің 24-бабына сәйкес, Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнің осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн екендігін айтты. «Бірақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді. Тек қана жалға беріледі. Сондықтан, мораторий теріс әсерін тигізбейді», – деп атап өтті Вице-Премьер.