• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Қызылордада ерекше флешмоб өтті (видео)

173 рет
көрсетілді

Қызылордада 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ерекше флешмоб өтті. Қаладағы жоғарғы оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттар арқылы «Коррупция stop» сөзін жазып, қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылықтарын білдірді. Алаңға жиналған жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұқимов сөз сөйлеп, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырды.