• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды

506 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея парламенті дауыс беру қорытындысы бойынша ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс берді, 56-сы қарсы болды. Екі депутат дауыс беруден бас тартты. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Оңтүстіккореялық телеарна отырыстан тікелей таратылым жүргізді. Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған. Танысы байланыстарын пайдакүнемдік мақсатта қолданып, мемлекеттік істерге президент пен оның әкімшілігі арқылы араласқан делінеді. Енді импичмент бекітілуі тиіс немесе Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты оны кері қайтаруы мүмкін.