• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Венесуэла президенті Қазақстанды ОПЕК саммитіне шақырды

165 рет
көрсетілді

Венесуэла мен Иран 2017 жылдың I маусымында ОПЕК саммитін ұйымдастыруға келісті, деп хабарлайды investing сайты. Венесуэла президенті Николас Мадуро Иран президенті Хасан Руханимен келер жылдың басында мұнай бағасын белгілеудің жаңа тетігін талқылайтынын айтты. "Біз мәселеге қатысты ортақ сөзге тоқтадық", - деді Мадуро. Оның айтуынша, шараға ОПЕК-ке кірмейтін Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан да шақырылады. "Алдымызда ауқымды жұмыс бар. Бірігіп тиімді жол іздейік", - деді Мадуро.