• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Ақышев жұмыс сапарымен Қызылордада жүр

373 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, онда ол өңірдің, ҚРҰБ филиалының басшылығымен бірқатар кездесу өткізді, сондай-ақ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясына қатысты. Д. Ақышев осы өңірдің экономикалық әлеуетінің жоғары екендігін және даму перспективаларын атап өтті. Оның айтуынша, Қызылорда облысында 2016 жылғы 11 айда инфляция бойынша ең төменгі көрсеткіш белгіленген, бұл есепті кезеңде 7,5%-ды құраған республикалық деңгейден төмен. Қызылорда облысы заңды және жеке тұлғалардың салымдарының өсуі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. «Егер тұтастай алғанда ел бойынша теңгемен салымдар 84%-ға дерлік өссе, Қызылорда облысында ол 143%-ға өскен, бұл өңірлер ішіндегі ең жақсы нәтиже болып табылады», – деп атап өтті Д. Ақышев. Д. Ақышев журналистерге ҚРҰБ жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты және қаржы нарығындағы соңғы үрдістер жайында айтып берді, сондай-ақ БАҚ сұрақтарына жауап берді. Ұлттық Банктің Төрағасы Д. Ақышевтың Қызылорда облысына сапары ҚРҰБ-ның аумақтық филиалдарға бару бағдарламасы шеңберінде өтіп жатқанын атап өтеміз. Ағымдағы жылы Ұлттық Банк басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына (Шымкент қ.), Ақтөбе облысына (Ақтөбе қ.), Шығыс Қазақстан облысына (Өскемен қ.) барған болатын.