• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Қазақстанда Lada Priora сатылымы тоқтатылуы мүмкін

294 рет
көрсетілді

Өскемендегі “Азия Авто” зауыты Lada Priora көлігін құрастырудан бас тартты, деп хабарлайды kolesa.kz. 2016 жылдың басында осы зауытта аталған көлік құрастырыла бастайтыны хабарланған еді. Дегенмен, зауыт мамандары алдын ала зерттеу жүргізіп, Priora құрастыру шығыны Granta мен Vesta-ға қарағанда қымбатқа түсетінін анықтаған. Сонымен қатар, тікелей ресейлік Автоваздан алып келу жағдайы да қазіргі таңда әлі белгісіз болып отыр. Бір кездері бұл көлік Қазақстанда сұранысқа ие болғанымен, алдағы уақытта Приораға құмарлық азаяды деп болжайды сарапшылар. Бір айта кетерлігі, LADA компаниясының 2008 жылы Samara 21099 маркасы нарықтан шығып қалған еді.