• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Астанада Елбасының қатысуымен фестиваль өтіп жатыр

159 рет
көрсетілді

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» фестивалі өтіп жатыр. Салтанатты шараны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Шараны ресми ашу салтанатында Елбасы Тәуелсіздіктің ең басты тірегі ретінде бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылықты атап өтті. «Баршаңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бүгінгі форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы жерге Қазақстанның барлық өңірінен этномәдени бірлестіктердің өкілдері келіп отыр. Жүрегінде патриоттық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі – бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында біз 25 жылда мемлекет құрдық. Деңгейін көтердік. Халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір. Біздің тағдырымыз, отанымыз ортақ. Мәңгілік еліміздің гүлдене беруіне бірге еңбек етеміз. Осы жолда баршаңызға зор табыс тілеймін», - деді Елбасы. Іс-шараға Парламент депутаттары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, ЖОО-ның ректорлары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен студенттер қауымы, Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысуда. Суретті түсірген Ерлан Омаров, "Егемен Қазақстан".