• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Оңтүстік Корея президенті өкілеттігін премьер-министрге тапсырды

354 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның импичмент жарияланған президенті Пак Кын Хе өкілеттігін заңнамаға сәйкес премьер-министр Хван Гё Анға тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Ақпарат құралдарының мәліметінше, парламенттің оған импичмент жариялауынан кейін Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе мемлекет басшысы қызметін тоқтатқан. "Осы сәттен бастап Пак Кын Хе мемлекет басшысы мен әкімшіліктегі қызметтерді атқара алмайды", - дейді жергілікті БАҚ өкілдері. Сондай-ақ, импичмент жайлы шешімді Оңтүстік Кореяның Конституциялық сотының қарастырылатыны және оған 180 күн кетуі мүмкін екені айтылады. Сот импичментті алып тастап, Пак Кын Хенің қызметін қайта қалпына келтіре алады. Еске сала кетсек, бүгін, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс беріп, 56-сы қарсы болған. Ал екі депутат дауыс беруден бас тартқан. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Айта кетейік, отырыстан тікелей таратылымды оңтүстіккореялық телеарна жүргізді.