• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Қызылорда әкімінің орынбасары жаңа қызметке ауысты

214 рет
көрсетілді

Бүгін қала әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы кадрлық өзгеріске тоқталды. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы жақында ғана Елбасының Жарлығымен құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. "Нұрхан Бұхарбайұлы қызмет жолында өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, аймағымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына ерекше үлес қосып жүрген, саяси технологияларды және идеология саласын жетік меңгерген маман ретінде, тапсырылған барлық қызметтерді абыройлы атқарды"- деген қала әкімі, Н.Жәлиевке барша әріптестерінің атынан алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірдің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін» қала әкімдігінің «Құрмет» грамотасымен марапаттады.