• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Ауа райының қолайсыздығынан Астана-Өскемен тасжолы жабылды

226 рет
көрсетілді

Қатты боран салдарынан Алматы-Өскемен күре жолының 977-1048 шақырымындағы жол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы жабылды, деп хабарлайды «Казахавтодор». Сонымен қатар, бүгін сағат 16.40-тан бері республикалық маңызы бар Омск-Майқапшағай  жолының 587-756 шақырымындағы  учаскесі де көліктің барлық түрі үшін жабық екені хабарланды. «Казахавтодор» мекемесінің ақпаратына сүйенсек, Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы жолында рейстегі автобустар,  жүк көліктері мен тіркемесі бар жүк көліктері  үшін қозғалыс шектелген. Ал «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 10 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Ақмола облысында, «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолында және Астана қаласынан бастап, Павлодар облысының аумағына дейінгі жолдар жабылған болатын.