• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Желтоқсан оқиғасына қатысқандар естелік медальдармен марапатталды

444 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесіп, оларға «Желтоқсан - ел есінде» атты естелік медальдарын табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Марапатталғандар арасында облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Зұлқожа Бақтығұл, прокуратура ардагері Ғалымжан Жанқадамов, облыстық радионың аға редакторы Әуес Орынаева, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр, Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұржан Сертеков, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС қызметкері Шоқан Машанов және басқалар болды. Айта кетейік, осындай жиындар облыс аудандарында да өтіп, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға құрмет көрсетілуде.  
Соңғы жаңалықтар