Қырғызстанда ертең сайлау алдындағы «үнсіздік күні» басталады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.
«Бүгін партиялардың үгіт-насихат жүргізетін соңғы күні, ертең «үнсіздік күні» жарияланады», - деп мәлімдеді ОСК баспасөз қызметі. «Үнсіздік күні» бүгін түн ортасында басталса, дауыс беру 11 желтоқсанда таңғы сағат 8-де басталады», - деп атап өтті ОСК.
Айта кетейік, Қырғызстанда жергілікті кеңешке мен Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумдар 2016 жылдың 11 желтоқсанына белгіленген.