• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Елордада бастауыш сыныптар тегін аспен қамтамасыз етіледі

130 рет
көрсетілді

Елордада 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. Бүгін елорданың 2017 жылға арналған бюджеті 372 млрд 868 млн теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен несиелер - 153,4 млрд теңге, жеке кірістер 212,6 млрд теңгені құрайды. Мәслихаттың кезекті сессиясында «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» баяндамасын А.И. Лукин таныстырды. Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті елорданың бес жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленді (2016-2021 жылдар). Бюджетте білім саласына шығындар қарастырылған, соның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету, елорданың барлық ЖОО мен колледждерінде күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүру мүмкіндігімен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмекке және мәдениет, дене шынықтыру және спортты қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, отын-энергетикалық кешенді дамытуға, көлік және коммуникацияға шығындар қарастырылған. Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукин, қалалық департаменттер мен басқармалардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.