• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Елордада Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға арнайы сыйлықтар табысталды

271 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елорда әкімі Әсет Исекешев желтоқсан оқиғаларының 18 қатысушысына «Желтоқсанның 30 жылдығы» құрмет медальдарын табыс етті, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Астана әкімі қонақтарды құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті. «Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, тарихи тұрғыдан бұл қысқа кезең, бірақ Қазақстан үшін бұл тарихи кезең. Елбасымыз айтқандай, бұл жылдың маңызды оқиғасы. Еліміздің барлық жетістіктерін ұғынып, болашаққа жоспар жасауымыз керек», – деді әкім. «Мемлекет басшысы «Мәңгілік елге» айналу жолында мықты мемлекет құрып, әлемнің өркениеті озған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойды. Мереке қарсаңында Желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына естелік медальдар табыс ету мен үшін және менің әріптестерім үшін үлкен құрмет. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы есте қалар оқиға болады деп ойлаймын», - деді әкім өз сөзінде. Өз кезегінде марапатқа ие болғандар әкімге алғыстарын айтты. «Астана – Президенттің төл перзенті. Бұл біздің жоба, мемлекетіміздің келбеті. Қызметіңізде толағай табыстар тілейміз! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған шараларды, сондай-ақ желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын лайықты атап өтейік. Еліміздің жетістіктерін барша әлемге тағы да паш етейік. Қолымыздан келгенше көмек беруге дайынбыз», - деп мәлім етті ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Сабыр Касимов.