• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Сыр өңірінде Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға құрмет көрсетілді

430 рет
көрсетілді

Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов  Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазалылық азаматтармен кездесіп, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. «Сіздер Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухы күшті, өр, намысты халық екендігін айдай әлемге таныттыңыздар. «Ер есімі - ел есінде» дегендей, Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазалының сол кездегі 17-18-дегі өрімдей жастары, бүгін кемел жасқа келдіңіздер. Әр салада қызмет етіп, ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жатырсыздар», - деді аудан әкімі. Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар А.Қожақова, Ұ.Алматова, Ж.Нұрмашева, А.Машай желтоқсандықтарға аудан басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар