«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Югра» командасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Эдуард Занковецтің шәкірттері айдындағы ойыншы артықшылығын жақсы пайдаланып, есеп ашты. Оны 3-минутта Найджел Доус салды.
Айдын иелері екінші кезеңде таразы басын теңестіре білді. 24-минутта Евгений Лапенков жасаған соққы көздеген жерінен дәл табылды.
Ал соңғы 20 минутта жанкүйерлер нағыз «жан алысып, жан беріскен» ойынның куәсі болды. 43-минутта Нұрсұлтан Белгібаев нәтижелі соққы жасап, «Барысты» алға шығарса, араға бірер минут салып, «Югра» сапынан Павел Варфоломееев есепті теңестіріп кетті. Алайда, бұл шайба да оларды жеңілістен құтқарып қала алмады. 48-минутта Александр Липин таблодағы көрсеткішті 3:2-ге жеткізсе, кездесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Найджел Доус соңғы нүктені қойды.
Бұл жеңістен кейін елордалық жасақ 53 ұпаймен 8-орынға қайта көтерілді. Келесі кездесуін 12 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізеді.